Қазақстанның қаржы нарығында АҚШ долларының бағамынан индексацияланатын өмірді жинақтаушы сақтандырудың өнімі күн сайын халық арасында кеңінен таралуда. Оның дамуының әлеуеті шектелмеген, деп «Nomad life» ӨСК» АҚ Төрағасының орынбасары Мәди Әділханұлы Шалғымбаев есептейді.

— Мәди Әділханұлы, Сіздердің «Золото Номадов» жаңа өнімнің бірегейлілігі неде?

— Белгілі болғандай, бүгінгі таңда депозиттер бойынша банктердің мөлшерлемесі 0,1% бастап 1%-ға дейін құрайды, және олар әлі де төмендейді. Біздің «Золото Номадов» өнімімізді банктік депозиттерге баламалы таңдау деп атауға болады. Бірінші – мұндағы пайыздық мөлшерлемелер АҚШ доллардағы банктік депозиттер бойынша мөлшерлемелерден жоғары. «Золото Номадов» өнімі бойынша мөлшерлеме сақтандыру мерзіміне қарай 3,26%-ға дейін жетеді. Мөлшерлеме шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне белгіленеді. Мерзім неғұрылым жоғары болса, соғұрылым салым бойынша табыстылық жоғары болады. Қаржы нарығындағы ешбір өзгерістер сақтандыру полисімен кепілдендірілген табыстылыққа әсер етпейді. Жинақтарға салық салынбайды.

Екінші артықшылық – салымның қорғалуы, қаржы тәркілеуден, мүліктік дау кезінде үшінші тұлғалардың наразылығынан, мүлікке тыйым салудан, жұбайлар арасында бөлісуден қорғалады, мағлұмдауға жатпайды. Бұл талаптар депозиттерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар сіз салған қаржы туралы және шарттың басқа талаптары туралы мәліметтер жариялануға жатпайды.

Үшінші, қажеттілік туындаған жағдайда клиент шартты бұзып, жинақтарын алуға құқылы. Егер шарт жинақтаушы салымның әрекет етуінің бір жыл өткеннен кейін бұзылатын болса, клиент толық төленген жарнаға қол жеткізе алады.

Төртінші, «Золото Номадов» өнімімен бірге инвестициялаудың жақсы табыс көзімен қатар, сіз сондай-ақ бүкіл әлемде 24/7 режимінде әрекет ететін өмірді сақтандыру арқылы қорғауға ие боласыз. Содан ол полисті толтырған күннен кейінгі күнінен бастап әрекет ететін болады. Бүкіл кезеңдегі жиналған ақшаны және есептелген пайызды клиент қайтыс болғаннан кейін оның мұрагерлері алатын болады. Бұл ретте сақтандыру төлемі шартта көрсетілген тұлғаға 10 күн ішінде төленетін болады. Мұрагерлік құқықты ресімдеу талап етілмейді.

Мысалы, «Золото Номадов» бағдарламасы бойынша жинақтаушы сақтандыру шарты 10 жылға және 50 000 доллар сомаға жасалды дерлік. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін салымды ашқан клиентке 68 887 доллар төленетін болады. Инвестициялық табыс 18 887 долларды құрайды, бұл ЖТСМ (ГЭСВ) ≈3,26%. Бірақ егер сақтандырылған салымшы 10 жыл аяқталғанға дейін қайтыс болса, онда төлем алушы (пайда алушы) болып көрсетілген тұлғаға «Nomad Life» бүкіл 68 887 долларды (операция жасалған күніне Ұлттық Банктің бағамы бойынша) төлейтін болады. Егер тіпті бұл сақтандыру арқылы қорғау әрекет етуі басталғаннан кейінгі күні орын алса да, «Nomad Life» мұрагерлер өз құқықтарына қашан ие болатынын (бұл, әдеттегідей алты айдан кейін жүзеге асады) күтпейді.

Бесінші, қазір банкте қандай да бір шотты, оның ішінде депозиттік шотты, сізде салық бойынша берешегіңіз болса, ашуға мүмкін емес. «Золото Номадов» өнімінде мұндай талап жоқ.

Алтыншы, біздің кез келген клиентіміз полисті кепілге қою арқылы төмен мөлшерлеме бойынша теңгемен несиені ресімдей алады.

— Көптеген адамдарды сыйақы мөлшерлемесінен бөлек, өнім бойынша кепілдіктер де қызықтырады…

— Банктермен салыстырғанда, біз несиелендірумен айналыспаймыз, яғни берілген ақшаның қайтарылмайтындығының тәуекелі жоқ. «Золото Номадов» өнімі бойынша жинақтарды біз сенімді бағалы қағаздарға – «инвестициялық» рейтингісі бар орта- және ұзақ мерзімді облигацияларға саламыз. Инвестициялар туралы шешімдер эмитенттің, макроэкономикалық ортаның тәуекелдерін және эмитент, қызмет саласы, ел бойынша активтерді әртараптандыруды терең талдау негізінде қабылданады.

— Клиенттерге бұл өнім туралы айтқан кезде, оларды көбінесе не қызықтырады?

— Әрине, бірінші кезекте, бұл компанияның тұрақтылығы, сонымен қатар болуы мүмкін тәуекелдер. Біздің қызметіміз лицензияланған, бізді басқаратын және тұрақты түрде біздің есептерімізді тексеріп отыратын Ұлттық Банкке есеп береміз. Өмірді сақтандыру компаниялардың (ӨСК) міндеттемелері 110%-ға жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс. ӨСК шығындары толығымен қадағалаушы органмен қадағаланады. Сақтандыру заңнамасы сақтандырушылардың міндеттерін 100%-ға орындалуына кепілдік береді. бұл кепілдіктер сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жұмысымен, соның ішінде, қызметтің әлеуметтік маңызды бағыттары бойынша да бекітіледі. Біз өмірді сақтандыру нарығында жетекші компаниялардың бірі болып табыламыз. Клиенттен алынған әрбір теңгемен пайыздық өтімділікті және сақтандыру қорғалуын қамтамасыз етеміз. «Nomad Life» — активтер, пайда, сақтандыру төлемдерінің мөлшері және қалыптасқан сақтандыру қорлары бойынша көшбасшы (01.01.2018 ж. күніне жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері негізінде) болып табылады. Бізде эмитенттің ұзақ мерзімді несиелік рейтингі A.M. Best халықаралық рейтингілік агенттігінің шәкілі бойынша «bb-» деңгейінде.

— Неліктен «Золото Номадов» өнімін нарықта жылжыту үшін Сіз банкті таңдадыңыз?

— Банктердің өзінің жасалған клиенттер базасы бар. Сондай-ақ банктердің өзіне бұл өнім қажет, өйткені олардың клиенттері инвестиция салудың баламалы көздерін іздеп бағуда. Ал «Золото Номадов» — бұл тиімді талаптары бар сенімді өнім.

Сондай-ақ Сіздердің ресми серіктестеріңіз ретінде көбінесе ресейлік еншілес банктерді көріп отырмыз. Бұл таңдау немен байланысты?

— Олардың ресейлік әріптестерлерінде өмірді сақтандыру компанияларымен мол тәжірибесі бар. Бұл тәжірибе ынтымақтастық туралы шешімді жедел түрде қабылдауда маңызды рөл атқарды. Банк – бұл ерекше бір қаржы супермаркет. Оның үстінде банктердің бүкіл ел бойынша кең таралған филиалдық желісі бар, сонымен қатар қаржы құралдарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар, өйткені клиентпен қаржы мәселелерін талқылау кезінде мамандардың белгілі біліктілігі мен шарттарын талап етеді. Серіктес-банктер өз тарапынан біздің өніміздің тиімділігі тұрғысынан және олардың клиенттері үшін мүмкін болатын тәуекелдердің болуына терең талдау жасады. Біздің отандық банктеріміз де ұсынып отырған біздің өнімімізге үлкен қызығушылықты танытуда, алайда олар үшін  «Cross sales» – әзірше олар үшін жаңа бағыт болып табылады.

— Мұндай ынтымақтастыққа қатысты Сіздің болжамдарыңыз қандай?

— 2018 жылғы қорытындылары бойынша «Золото Номадов» өнімін сату нәтижелері біздің болжамдарымыздан да сып түсті, сондықтан біз осы жылда бұдан жа жоғары көрсеткіштерді көздеп отырмыз. Клиенттер біздің өнімімізге сенді, оның үстіне бұл бүгінгі таңда АҚШ долларымен салымның әзірше жалғыз сенімді баламалы нұсқасы болып табылады. Барлық қалаларда бізде сатулар жоғары деңгейде, тек екі астанада ғана емес, сонымен қатар, мысалы, Қарағандыда, Қостанайда, Оралда да бұл өнім сатылуда. Клиенттер «Nomad Life» филиалдарына, сонымен қатар біздің серіктес-банктердің «Сбербанк», «ВТБ банкі», «Альфа Банк» – Қазақстанның барлық өңірлерінде бар бөліишелеріне хабарласып, кәсіби маманнан кеңес ала алады.

Полисті сатып алу үшін не қажет?

— Қарапайым құжаттар жиынтығы: жеке куәлігі және толтырылған өтініш. Шартты жасасу туралы шешім бір күнде қабылданып, шарт жасалады.

Неліктен Сіз бұрын осы бағытты осындай деңгейде дамыта алмадыңыз?

— Өйткені мемлекет тарапынан былтырғы жылы өмірді сақтандыру компанияларына берілген салық жеңілдіктер болмады.  Нәтижесінде өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерінен салық жүктемесін алып тастап, талаптарды банктік депозиттерге теңдестіріп қойды. Сондықтан қазір біз Қазақстанда өмірді жинақтаушы сақтандырудың жақсы өсуін күтудеміз. Мұндай үдеріс бүкіл әлемде байқалуда. Осылайша, Еуропалық Одақ бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің мөлшері 2017 жылы 7,7 триллион АҚШ долларды құрайды, бұл ретте өмірді сақтандыру компанияларының жалпы мөлшері де салмақты цифрды – 5,16 триллион АҚШ долларды құрап отыр. мысалы, Ұлыбританияда өмірді жинақтаушы сақтандыру нарығының мөлшері 6 триллион евроны құрайды. Оңтүстік-Шығыс Азияның елдерінде өмірді сақтандыру қажет екені соншалықты, күніне  табысы екі доллардан аспайтын тұрғындардың өздері де сақтандыру полисіне ие. Мен осындай пропорцияларға Қазақстанда да келуі тиіс деп ойлаймын.

www.zolotonomadov.kz, call-center 3260