Сурет akorda.kz алынған

Қазақстан Президенті Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен келді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.