Ақтөбе қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Жарыста маңғыстаулық спортшылар 2 алтын мен 2 қоланы иеленді. Оған барлық өңірлерден 600-ге жуық спортшы қатысты, — деп хабарлайды mangуstaumedia.kz сайты.

Чемпионат 12-15 наурыз аралығында болды. Ұлдар арасында 64 келіде сынға түскен маңғыстаулық Рауан Салық алтын медальді алса, 51  келі салмақта Жандос Байбосынов қола медальға ие болды.

Ел чемпионатында қыздар арасында 70 келі салмақта күрескен Мадина Теңелбаева 3-орынды алса, 63 келі салмақта Маржан Қаналиева 1-орынды еншіледі. Бәсекеге спортшыларды аға бапкерлер Жақсылық Меретжанов пен Мәншүк Баданова алып барды.

«Жарыс тартысты өтті. Маңғыстау облысының құрамасы команда бойынша 1-орын орынды алса, жалпы медальдық есепте 3-орынға тұрақтады «, — дейді Қазақ күрес және дзюдо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қабыл Бисенқұлы.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Суреттерді Қ. Бисенқұлы ұсынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз