ұшақ самолет

Тараздық медбике мен ақтаулық дәрігер «Ақтау — Тараз» бағытындағы ұшақта жолаушының өмірін құтқарып қалды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ұшудың алғашқы минуттарында борт қызметкерлері 63 жастағы Азиза Лапаеваның жағдайы нашарлауына байланысты жолаушылар арасынан дәрігер мамандарға іздеу салады.

— Алдыңғы орындықтардан бір ер адам ұшқыштар кабинасына кірген соң мен де артынан бардым, — дейді Разия Тәліпбекқызы. — Ол Ақтау қаласының дәрігер-реаниматологы Нәдірқожа Мұсаев еді. Ұшақта мұндай білікті дәрігер тап келген науқас өте жолы болғыш жан екен. Оның артериалды қан қысымы 60/0 дейін түсіп кетті. Дәрігер оған алғашқы көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдырды. Мен қысымын өлшеп, жүйені бақылап, мейірбике ретінде қолымнан келген көмекті жасадым. Ұшақ жерге қонар алдында қысым 120/80 көрсеткішіне жетті, — деп еске алады Разия ханым.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азиза Лапаева алдымен 5 сағат Стамбулдан Ақтауға ұшып келіп, одан соң Шымкентке жолға шыққан. Жолда ұзақ жүргендіктен, денсаулығы сыр берген.

Науқасты дәрігерлерге тапсырған соң Нәдірқожа Мұсаевқа жолаушылар аяқтарынан тік тұрып, қошемет көрсеткен.

Маңғыстаулық дәрігер ұшақта адам өмірін құтқарып қалды

Ал жамбылдық әйелді өлімнен құтқарып қалған дәрігер өзін қандай бір ерлік жасадым деп санамайды.

«Әйел адамды құтқарып қалғанымды батырлық деп санамаймын, бұл менің күнделікті жұмысым», — дейді Н. Мұсаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз