Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылар мен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс делінген.

Сот актісін орындаудың негізгі шараларының бірі — борышкерлердің мүліктеріне тыйым салып, оны сауда-саттыққа салу арқылы сату, банктік есеп шоттарына инкассалық өкім қою, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға шектеу салу, борышкердің жалақысынан немесе басқа табыс көзінен өндіру, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.

Ақтау қаласының прокуратурасымен мемлекет пайдасына өндірілуге жататын құжаттары бойынша атқарушылық әрекеттерінің уақытылы жасақталуына үнемі бақылау жүргізілуде.

Мысалы, борышкер «А»-дан мемлекет пайдасына 129 891 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіру туралы атқарушылық құжатының заңдылығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде борышкердің ұзақ мерзім бойы сот актісін орындамай жүргені анықталды.

Борышкердің мүліктік жағдайын тексеру барысында екінші деңгейдегі банктік есеп-шоттарында борышкерге тиесілі жинақталған қаражаттың бар екені белгілі болды.

Осыған орай, Ақтау қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша борышкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін Ақтау қаласы мамандырылған әкімшілік сотына құжаттар жіберіліп, аталмыш соттың қаулысымен борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке қамаққа алынды.

Сондай-ақ, сот орындаушылар борышкердің екінші деңгейдегі банктік есеп-шоттарына инкассалық өкім қойып, оның қорытындысында атқарушылық құжаты толығымен орындалды.

Осылайша, сот актілерінің орындалысын қамтамасыз ету барысындағы мәжбүрлі шаралар — талап етушілердің құқығын қорғайтынын және борышкерді қылмыстық жауапқа тарту сот актісін орындау міндетінен босатпайтынын түсіндіреміз.

Б.Сарсенғалиев, Ақтау қаласы прокуратурасының  бөлім прокуроры                                       

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз