bekire бекіре

Маңғыстаулық полицейлер Басқұдық ауылындағы үйлердің бірінен жалпы салмағы 127 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«13 мамыр 2019 жылы сағат 17:00 шамасында Полиция департаментінің ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері тексеру барысында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының үйлердің бірінен жалпы салмағы 127 келі құрайтын 48 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді», — делінген хабарламада.

Аталған дерек Мұнайлы ауданы ПБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тзіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сурет сайттың архивінен