Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Казанцев Павел Олегович және Құрманова Айзада Амангелдіқызы Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен келді. Бір жылда 4 рет ел аралап, елге түсіндірме жүргізіп, ел тілегін тыңдайтын Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарының тәртібі бойынша қабылданған заңдарды түсіндіріп, қараудағы заңдарға ұсыныстар жинайды. Сонымен қатар елді аралап, тыныс-тіршілігімен танысады.

Осы мақсатта ауданға ат басын тіреген халық қалаулылары жұмыс сапарын ауданға қарасты Ақшұқыр, Сайын ауылдарынан бастап, «ҚазақОсетр» ЖШС, «Тетис» ЖШС, «Ағарған» ЖШС жұмыстарымен танысты. Түстен кейін Форт-­Шевченко қаласында ау­дан тұрғындарымен кездесу өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Түпқарағанда

Қазақстандықтардың әл­ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру бағы­ тындағы Елбасы Жолдауының негізгі қағи­ даларын түсіндіріп, Парламент қабырға­ сында қабылданып жатқан заң жобала­рымен, қабылданған заңдар мен ел да­муының басым бағыттарымен таныстыру үшін арнайы келген ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаттары Казанцев Павел Олегович және Құрманова Айзада Аман­гелдіқызы Түпқараған ауданы тұрғындарына АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) берудегі кездесіп жатқан қиындықтар мен осы ба­ғыттағы мәселелерді шешу мақсатындағы жұмыстармен таныстырды. Тұрғындарға жаңа заңдағы өзгеріс бойынша тұрғын үй ке­зегіне тұруда көп балалы аналарға жаңа санаттың қосылғандығын сүйіншіледі. Қа­зақстанда 340 000 көп балалы отбасы бар. Олардың 31 мыңы үй кезегінде тұрғандығын айтқан депутат ендігі жерде көп балалы аналар ерекше кезек арқылы баспана алуға мүмкіндік алатындығын жеткізді. Сондай­-ақ 2025 жылға дейін осы бағыттағы мәселені шешу үшін 2 мың жалдамалы пәтер салынуы көзделіп, жыл сайын жалдамалы пәтер са­луға 2 млрд. қаражат бөлінетіндігін айтты.

Депутаттар негізгі басым бағыттарға, оның ішінде азаматтардың әл­-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқандығын алға тартты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Құрманова Айзада Амангелдіқызы:

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Түпқарағанда

— Биыл айтулы жыл болғалы отыр, 2019 жылдың 19 наурызында Тұңғыш Прези­дентіміз Н.Ә.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Конституциямыз бойынша Пре­зидент өкілеттігін Сенат төрағасы Қ.Тоқаев жалғастырды. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдаған болатын, енді алда 9 маусым – ел таңдауын жасап, көш­басшысын сайлайтын тарихи, саяси шешім тұр. «Нұр Отан» партиясының съезінде 2025 жылға дейін 3 негізгі мақсат қойылды. Олар: халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу, халықтың аз қамтылған топтарының табысын арттыру; тұрғын-­үй мәселелерін шешу және де білім, денсаулық сақтау са­ласын жетілдіру; өмір сапасын арттыру үшін жаңа өңірлік саясатты іске асыру. 2019 жыл­дың 1-­маусымынан бастап бюджеттік сала­ның жалақысы 30 пайызға арттырылады. Бұл 1 миллионнан астам білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, мемлекеттік қызметтегі техникалық қызметкерлерді қам­тиды. Екіншіден, 1­-маусымнан бастап жер­гілікті атқарушы органдардың төменгі қыз­меткерлерінің жалақысы орташа 5 пайызға артады. Үшіншіден, 1-­сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек басқа форматта бе­рілетін болды. Ол жөнінде естіп жатырсыз­дар. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті алу кезінде төрт және одан да көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы, алтын және күміс алқалар алған аналардың жәрдем­ ақысы, баланың мүгедектігі бойынша жәр­демақылары, студенттердің шәкіртақылары АӘК тағайындау кезінде табыс кірісі болып есептелмейді. Осы төңіректе әлі де мәсе­лелер бар. Мысалы: сиырын, тауығын есеп­теп жатыр деген мәселелер бар. Бұл мәсе­лелер министрлікте қаралуда. Үйіндегі ата­-енесінің зейнетақысын санау деген мәсе­лелерге әлі де ұсыныстар беріліп, көтерілуде. Өзгертулер бағытында жұмыс жасап жа­тырмыз, ­— деді негізгі өзекті мәселелер бо­йынша әңгіме қозғаған депутат Құрманова Айзада Амангелдіқызы.

Біздер үнемі жоспар бойынша аймақтар­ды аралаймыз. Маңғыстауға келіп, облысқа қарасты аудандарды аралап, өңір халқымен кездесудеміз. Ұсыныс­-тілектерін тыңдаймыз, жоғарыға жеткіземіз. Биыл 100-­ге жуық заң қаралды. 80%-­ы қол қойылған, қалғаны қа­ралуда. Яғни Сенатқа жіберілді немесе Президент қарауында. Жақында сайлау өте­ді. Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамын,­ — ­дейді ҚР Парламенті Мә­жілісінің депутатты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Казанцев Павел Олегович. Сонымен қатар киноматография саласында да жаңа заң бекітіліп, еліміздің киноиндустриясында оң өзгерістер болатынын, елімізде түсірілетін кинолар үшін салынатын салық мөлшері бекітілгенін атап өтті. Сондай-­ақ Маңғыстау­дың да табиғаты кино саласына сұранып тұр­ғандығын ескерсек, ол заңның біздің өңірге де тікелей қатысты болатынын айтты.

— Кәсіпкерлік бағытында да қабылданған жаңа заңда аудандық деңгейдегі жылжы­малы мүліктің кепіл бола алатындығы кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ. Бұрындары қала кәсіпкерлері ғана мұндай мүмкіндікке ие болса, енді аудандағы үйлердің де бәсі кәсіпкерлік несиелерді алу үшін кепіл бола алады, — ­деді ҚР Парламенті Мәжілісінің де­путатты Казанцев Павел Олегович сөз ба­рысында.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Құрманова Айзада Амангелдіқызы жиыннан соң халықтың сұ­рақтары бойынша қабылдап, сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды қабылдады. АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) берудегі кездесіп жатқан қиындықтар мен осы бағыттағы мәсе­лелерді шешу үшін ұсыныстар қабылдап, жо­ғарыға жеткізетінін де айтты. Жиын соңынан Ауған ардагері Аманғали Ниязбаев осы са­наттағы ардагерлердің статусы жайлы және ардагер­-ұстаз Гүлсім Рамашева орта күн­ көрістегі азаматтарға да қолдау қажеттігі жайлы жеткізді.

Біз ұсынған ұсыныс

Өз баспанасы жоқ көп балалы ана амалсыз туысын, анасын (енесін) паналайды. Тіркеу де сол жанашырлардың шаңырағына жаса­ латыны түсінікті. АӘК алу үшін әлгі баспа­насынан орын мен құжатына тіркеген аға­йынының (анасы/енесі) табысы да есеп­телуде. Ол көп балалы отбасының анасы не енесі, туысы болған жағдайда да жалақысы өзінен артылмасы анық. Оның табысын көп балалы отбасының табысына санау қателік. Мысалы: 4 баласы, жолдасымен анасының қолында тұрып жатырған отбасы тіркеуге де сол үйге тұрды. Өздерінде баспана жоқ екені тағы белгілі. Әйелі бала күтімінде отыр делік. Табыс тек ер азаматтан келеді. Айтарлықтай көп жалақы да емес. Енді АӘК алу үшін тиісті орындарға барғанда, тіркеудегі үй иесі (жұмыс жасайтын енесінің) табысы есептеліп, көмек тиіссіз болып шыға келеді. Ал енесі екінші қызын құтты орнына қондырып, тап­қанын соның құдалығына тірнектеуде. Онсыз да үстінде отырған отбасымен табысын қай­дан бөліссін. Бұндай жағдайдағы мысал толып жатыр. Дәл осы мәселе бойынша өзге адамдардың табысын есептеудің жөнсіздігін жеткіздік. Депутат бұндай жағдаймен таныс әрі осы тектес мәселелер көп екенін, өзге­рістер үшін осы ұсыныстарды айтатынын жеткізді. Аудан әкімі Айдос Хамиев те қа­лысқан жоқ. «Ауылым – алтын бесігім» бо­йынша өзге де ұсыныстарын жолдады.

Аудан тұрғындарымен кездесуден соң ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Форт­Шевченко қаласындағы әлеуметтік нысан­дарды аралады. Алдымен Форт-­Шевченко мектеп­-интернатының жұмысымен танысқан олар орталық аудандық ауруханасына бар­ды. Кейін өлке тарихымен танысу мақсатын­ да этнографиялық және Т.Шевченко мұра­жайларына ат басын бұрып, ондағы құнды жәдігерлерге куә болды.

Милана ЕЛЕУСІНОВА