тал екті мереке амал

Бейнеу лицейінде оқушылар мен ата-аналар Амал мерекесін ерекше ықыласпен өтті. «Балбырауын» күйімен басталған концертте өрендер әсем ән де шырқады. Бұл мерекенің өзге мерекелерден жөні бөлек екендігін тағы бір рет дәлелдегендей, санамызға сәби кезден белгілі Қыдыр ата Наурыз батасын беріп, мерекені ашып берді.

Бейнеулік мектеп бітіруші түлектер Амал күні тал екті

Мектеп фойесінде ақ дастархан жайылып, ұжымдағы қызметкерлер мен оқушылар бір-бірімен қол алысып көрісіп, бауырсақ пен ақтан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты.

— Алдағы күндері Наурыз мейрамына дейін уақыт аралығында лицейіміздегі әрбір сыныптарда «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында әр түрлі форматта тәрбие сағат өткізіледі. Бүкіл тіршілік атаулының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамда дайындалатын дәм мен қасиетті салт-дәстүрлері жаңғыртылып, ұлттық ойындары насихатталады. Мереке аясында қыздарға арналған «Шашбаулы қыз» сайысы, ақын, жазушы, ардагер журналист Айнахан Есетова қыз балаларға арналған «Айнахан апай айтады» атты айдары бойынша «Қызғы қырық үйден тыйым» тақырыбында сабағын өткізеді, — дейді мекеме директоры Гүлраушан Азанова.

Сонымен қатар бұл күні биылғы бітіруші түлектер мектеп ауласына отыз төрт түп тал егіп, басқа сынып оқушыларына эстафета жолдаса, лицейдің төменгі сынып оқушылары құстарға ұя жасап, талға ілді.

Үміт ҚАЗДАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз