ақша төменгі жалақы зейнетақы әлеуметтік жәрдемақы орташа айлық

Жаңаөзен тұрғыны Х. азамат А-дан қолхатпен 200 000 теңге қарыз алған. Ол ай сайын 30 %-дық үстемемен және кешіктірілген әр күніне бір пайыздық өсімпұл төлеуге міндеттелген. Алайда ол қарызын қайтармай жалтарып жүрген екен. Қарызға ақшасын берген талапкер А. сотқа арыз жазған. Бұл азаматтық іс Жаңаөзен қалалық сотында қаралды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Х-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Осы күнге дейін жауапкер Х. қарызын қайтармай жалтарып жүргендігін көрсетіп, жауапкерден барлығы 990 000 теңге қарызын және  мемлекеттік баж салығын өндіріп беруді сұрады», — дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері.

Татуласу келісімшарттары бойынша талапкер А. жауапкер Х-ға қарызды 35 000 теңгеден 2020 жылдың 15 ақпанына дейін төлеуге міндеттелді. Екі тарап татуласып, медиативтік келісімге келді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз