Димаш Құдайбергенов

Димаш Құдайберген The World’s Вest телебайқауын əрі қарай жалғастырудан өздігімен бас тартты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Димаш финалға жолдама беретін сайыста Adagio әнін орындады. Ән аяқталысымен ол əділқазылардың алдында сөйлеген сөзінде жарыс тізгінін қос бүлдіршінге беретінін айтты.

«Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Құрметті әділқазы мүшелері! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт екенін тағы да айта отырып, бүгін мына ойын талаптарына сәйкес, бүгінгі сайыста екі кішкентай балапанмен бақ сынасу керек екенмін. Сол себепті сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл бәйгенің тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», — деді Димаш Құдайберген.

Димашпен бірге ақтық сынға шығу үшін қазақстандық Данэлия Тулешова мен үнді елінің өкілі Лидиан Надхасварам кездесетін болған.

Әділқазыдардың бір бөлігі Димаштың бұл шешімімен келіспесе, енді бірі оның шешіміне құрмет білдірді.

Дегенмен, Данэлия The World’s Best байқауының финалына өте алмады. Оның қарсыласы Лидиан Надхасварам енді финалда оңтүстік Кореялық акробат Куккивонмен кездеседі.

The World’s Best — байқауына Дрю Бэрримор, Фэйт Хилл, Ру Пол сияқты танымал әртістер мен әншілер қазылық етеді. Байқауды Джеймс Корден жүргізді.

Көрнекі сурет архивтен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз