такси жүргізушілері
Көрнекі сурет сайттың архивінен

Маңғыстауда такси жүргізушілері өз жолаушыларын тонап кеткен. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға наурыздың 9-нан 10-на қараған түні болған. Такси жүргізушісі бауырымен бірге жолаушыны көлігіне отырғызған. Оны өзі айтқан мекен-жайға емес, Өмірзақ ауылына алып кетеді. Артынша қалтасындағы 30 мың теңгесі мен «Тайота Прадо» автокөлігінің кілтін тартып алған.

Сол күні 102 нөміріне осыған ұқсас тағы бір қоңырау түседі. Белгісіз көлік жүргізушісі жолаушыны Грин Парк кешеніндегі құрылысқа апарып, 150 мың теңгесін, жеке заттары мен ұялы телефонын мәжбүрлеп алған.

Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында қылмысты ізін суытпай ашқан. ҚР ҚК 178 бап 2-бөлігімен іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз