Сәуір айының 6-10 аралығында Шалқар қаласында  өткен Батыс аймақтық чемпионатынан Маңғыстау ауылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары екі қола, бір алтын медальмен жүлделі оралды.

Батыс өңірінің Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау облыстарынан 160-тан астам спортшы қатысқан жарыста Маңғыстаулық  40 спортшы бақ сынады. Дулат Букебаев бастаған бапкерлерден тәлім алған мұнайлылық 4 боксшы  шаршы алаңда шебер өнер көрсетті. 40 келі салмақта Шыңғыс Сұлтан мен 54 келі салмақта Берекет Хасанов жан-жақтан келген былғары қолғаптың шеберлерімен жұдырық түйістіріп, шеберлігімен жартылай финалда жеңіске жетіп, 3 орынды иеленді. Ал, 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғалымжан Есетов,  қарсыластарына дес бермей,  екінші раундта накаутпен алтынды жеңіп алды.

Алтын жүлдемен оралған спортшымыз енді мамыр айында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына аттанады.