Тұрғын үйлерде ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын және ашық түрде жымқыру, тонау қылмыстарын жасап, оқиға орнынан бой тасалап қашып жүргендерді анықтау мақсатында жергілікті полиция қызметінің бірінші  тоқсанда жүргізген іс-шаралары кезінде 7 адам ұсталған.

Бұл туралы хабарлаған жергілікті полиция қызметінің басшысы Қалдымұрат Айғарақовтың айтуынша, соның бірі — бірнеше тұрғын үйлер мен пәтерлерге жасырын кіріп, мүлктеріне қол сұққан, оқиға орнынан алтын бұйымдарын, ақшалай қаражат, ұялы телефон мен өзге де бағалы заттарды ұрлап, тонап, бой тасалап жүрген «Б»  есімді  азамат екен.

— Азамат «Б-дан» бірнеше ұрлық, тонау деректері бойынша толықтай мойындау жауаптары алынды. Үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 (ұрлық)  және 191 (тонау) баптарымен қылмыстық  іс қозғалып, сотқа жолданды,-дейді Қ.Айғарақов.

Шахида Жұман