Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы Шетпе гимназиясында жыл сайын жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, мектептегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға жан-жақты көмек беріліп келеді. Жаңа оқу жылы сайын жақсы ұранмен басталатын акцияның оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу бағытында да берері мол. Қаржылық қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қоғамның өздеріне деген қамқорлығын сезіндіретін шараны  биыл да өз деңгейінде ұйымдастыруға күш салудамыз.

Мектебімізде қолдауды қажет ететін қырық оқушы білім алуда, жыл сайын олардың мектеп формасы мен оқу-құралдарын алып беруге гимназия қабырғасында балалары оқитын ата-аналар қолғабыс етеді.

Қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын жақсы шараның бастамасын өткен аптаның ішінде өткіздік.  «Жақсылық жасауды өзіңнен баста» бейне үзігімен басталған акцияда 5-сынып оқушылары К.Еламан, Ж.Есембетқызы өз өнерлерін ортаға салды. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және басқа да көмек көрсетуде 2 оқушыны мектепке қажетті киіммен қамтамасыз еткен ата-ана Қожабаев Саналбекке алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, мектеп ұжымы қаржылай көмек беріп, оқушылардың көңіліне қуаныш ұялатты. Әлі де осы акцияның жалғасатындығын хабарлай отырып, өз үлесіңізді қосуға шақырамыз. Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекеттердің егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғанын естен шығармаған абзал. Акцияға атсалысайық ағайын!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз