Бүгін, 13 қазан күні Ташкентте самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде маңғыстаулық самбошы Дәурен Төлегенов әлем чемпионы атанды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Әлем біріншілігінде облыстық «Жас батыр» спорт мектебінің спортшысы Дәурен Төлегенов 56 келі салмақта сынға түсті. Ол Түркменстан, Колумбия, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген спортшыларды тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осы уақытқа дейін ол самбодан ҚР чемпионы, Азия чемпионы атанған болатын. Әлем біріншілігінде алтын жүлдеге ие болған самбошы бапкерлеріне және «Жас батыр» спорт мектебіне өз алғысын айтты.

Маңғыстаулық Дәурен Төлегенов самбодан әлем чемпионы атанды

«Самбо күресіне қатысып, түрлі додаларда бақ сынап жүргеніме 8 жылдай уақыт болды. Алайда әлем чемпионатында алғаш рет сынға түстім. Әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар келді. Финалдық кездесуде Өзбекстаннан келген спортшымен белдесіп, бірінші орынды иелендім. Осы жеңіске жетуім үшін мені үздіксіз жаттықтырған бапкерлеріме алғыс білдіремін. Ендігі мақсат – ересектер арасында самбодан әлем шыңын бағындыру», — дейді Дәурен Төлегенов.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер мен видеоны «Жас батыр» спорт мектебі ұсынды

Маңғыстаулық Дәурен Төлегенов самбодан әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық Дәурен Төлегенов самбодан әлем чемпионы атанды