Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев
Сурет bko.gov.kz алынған

Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Ғ.Есқалиев осы қызметке тағайындалғанға дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.

Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика» мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент»мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Темірбанк» АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, бұрын Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды.