Сурет сайт архивінен

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды сайты mangystaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:

1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;

2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                     Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым

№ 3