Додаға түсіп, топ жарды

Мұғалімге жүктелетін жауап­кершілік, қойылатын ауыр міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-­жақты терең біліктілікті, психологиялық қабілеттілікті, ас­қан шеберлікті талап етеді. Осын­дай талап деңгейінен көрініп жүр­ген жас маман, Ақшұқыр мектеп­-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амалова Ақжүніс Оспанқызы әркез тәрбие мен бі­лімді қатар алып жүріп, өзінің бо­йындағы кәсіби икемділік пен ұтқырлықты сан қырлы шығарма­шылық қабілетімен ұштастырып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. «Із­денген жетер мұратқа» демекші, жақында Ақжүніс екі додаға түсіп, топ жарды. «Ғасыр індетінен сақ­танайық!» атты ашық тәрбие са­ғаты байқауының облыстық ке­зеңінде І орынға ие болса, ұлт ру­ханиятының абызы Ә.Кекілбаев­тың 80 жылдығына орай ұйым­дастырылған «Маңғыстаунама» сайысында Ә.Кекілбаев шығар­маларынан десант сабақ өткізу байқауында тағы да І орынға ие болды.

Алар асуларың мен бағындырар биігің көп болсын, жаңалыққа жаны құмар жас маман!

Биік белесті бағындырғандар

Бір мектептен жеткен қос қуаныш

Ақшұқыр мектеп-­лицейінің тарих пәнінің мұғалімдері Айманов Бауыржан мен Амалова Сымбат «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының ұйымдастыруымен 18-­35 жас аралығындағы мұғалімдер, студенттер, магистранттар, докторанттар арасында 6 рет өт­кізілген «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауында Ақтөбеде алқалы топта бақ сынап, абыройды асқақтатты. Бірі хас маман, бірі жас маман Бауыржанның байып­ты байламдары мен Сымбаттың сүбелі сөздері көпшілік көңілін көншітті. Бетпе-­бет кездесу кезеңінен жас маман Амалова Сымбат байқаудың жүлдегері атанып, 25000 теңгенің гран­тына ие болса, Айманов Бауыржан финалдық кезеңге жолдама алды. Бауыржан Астана қаласында өткен финалдық кезеңнен 1­орынға ие болып, 300000 теңгенің грантын қанжы­ ғасына байлады. «Алаштың Ақ жолы» байқауының лауреаты» төсбелгісімен марапатталды.

Өз тілшімізден