Актау Ақтау қаласы

Ақтау қаласының әкімдігі «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы тұрғын үй алуға арыздарды қабылдауды жүргізеді.

Ұсынылатын үй Ақтау қаласы, 32 «А» шағынауданда орналасқан. Пәтер саны 730, оның ішінде:

1- бөлмелі пәтердің саны 190 дана, алаңы 37,58 м2;

2- бөлмелі пәтердің саны 174 дана, алаңы 55,85 м2;

3- бөлмелі пәтердің саны 263 дана, алаңы 77,88 м2.

3- бөлмелі пәтердің саны 72 дана, алаңы 94,61 м2.

4- бөлмелі пәтердің саны 31 дана, алаңы 83,64 м2.

«Нұрлы жер»: Ақтауда үй алуға арыз қабылдау 18 ақпанда басталады

Бағдарламаға Ақтау қаласының әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Оның ішінде келесі санатқа жататындар:

  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
  • оралмандар;
  • экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар жатады;
  • мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.

 Үміткерлер Бағдарламаға қатысу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  • белгілі бір пәтер түріне арналған өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
  • неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері (көшірме), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
  • өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ, аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар (көшірме);
  • өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі (бар болған жағдайда, көшірмесі);
  • жалақы туралы анықтама;
  • кезектілік нөмірін көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер (бұл анықтама құжат тапсыру сәтінде әкімдікпен беріледі);
  • Заңның 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (мысалы, бюджет қызметкерінің жұмыс орнынан анықтамасы, мүгедектігі бар тұлғанының мүгедектігін растайтын анықтамасы, толық емес отбасының неке бұзылғандығын растайтын куәлік көшірмесі т.с.с.).

Өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады.

Құжаттарды қағаз жеткізгіште қабылдау келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

  1. 29 ш/а 24 үй «Заветная мечта» тұрғын үй кешенінде орналасқан «Құқық қорғау қызметтерін көрсету орталығы»;
  2. 35 ш/а «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы»

Құжат қабылдау сағат 09.00-18.00 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.00-14.00 аралығы.

Құжат қабылдаудың басталуы – 2019 жылдың «18» ақпаны сағат 09.00.

Құжат қабылдаудың аяқталуы – 2019 жылдың «22» ақпаны сағат 18.00.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Пәтер алуға өтініш жазғанға дейін төлем қабілетіңізді fnsk.kz (калькуляторға сілтеме: https://fnsk.kz/rus/dostupnoe_zhile/kak_stat_uchastnikom/kalkulyator_msap/) сайтына орналастырылған жалға алу құнын есептеуіш калькуляторымен өзіңіз тексеруіңізге болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз