Төретаев Сымбат

Қарақия ауданы әкімінің өкімімен және конкурстың оң қорытындысы негізінде Төретаев Сымбат Қуанышұлы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Төретаев Сымбат Қуанышұлы 1978 жылы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Жетібай ауылында дүниеге келді. Білімі – жоғары. 1998 жылы Ш.Есенов атындағы университетін, 2015 жылы КЕББМ «Алматы Менеджмент» университетті, экономист, іскерлік әкім­шілік магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі қызметінен бастады.

08.2006­ — 07.2010 жылдары «Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

07.2010 — ­12.2014 жылдары Қарақия ауданының Мұнайшы ауылының әкімі;

02.2015 — ­05.2015 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қор­ғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс­-қимыл, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы;

05.2015 — ­09.2015 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс­-қимыл, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;

09.2015 — ­10.2015 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;

10.2015 — ­11.2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия бөлімінің басшысы;

11.2017­ — 08.2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-­қимыл және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы;

2018 жылдан бастап 06.09.2019 жылға дейін Маңғыстау облысы әкімі аппара­тының құқық қорғау органдарымен жұмыс және терроризмге қарсы іс­-қимыл бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Отбасылы.