Маңғыстауда 11 тамыз күні Құрбан айт мейрамының алғашқы күні орталық Бекет ата мешітінде атап өтілді. Ұлық мерекеге орай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мешітке арнайы келіп, мұсылман жұртшылығын құттықтады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Маңғыстаулық тұрғындар айт намазынан кейін арнайы тігілген киіз үйден дәм татты. Құрбан айтқа келген тұрғындарға ет және көкеністер таратылды. Сонымен қатар мерекеге орай ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды.

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Орталық мешітке жиналған жамағат арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындардан бақ сынады.

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Жарыста белсенділік танытып, жоғары ұпайға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттер мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН