Сурет Lada.kz сайтынан алынды

Кеше 11 маусым күні Ақтау қаласында жол бойында тұрған автобус толықтай жанып кетті. Бұл туралы Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Оқиға 16 шағынаудандағы «Бургер Кинг» кафесінің алдындағы жол бойында болған. Өрт туралы Төтенше жағдайлар басқармасына сағат 20:56 шамасында хабар жеткен. Оқиға орнына 21:02-де жеткен өрт сөндірушілер оны сағат 21:15-те толық ауыздықтады. Өртті сөндіруге 2 техника мен 8 адам жұмылдырылды.

«2006 жылы шыққан R 392 DYM, ПАЗ 32054 маркалы автокөлік толықтай жанып кетті», — деп мәлімдеді өрт сөндірушілер.

Полиция департаменті баспасөз қызметкерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Енді өрттің шығу себебі мен шығынын Ақтау қаласының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жасұлан Айнабек анықтап жатыр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА