Болатбек Ақшауов
Суретті ұсынған Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Болатбек Ақшауов тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Болатбек Ақшауов Ысқақұлы 1971 жылы 25 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.

1988 жылы Орал қаласындағы Батыс Казақстан ауыл шаруашылық институтына түсіп, 1993 жылы инженер-механик мамандығы, 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне түсіп, 2003 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдың 22 қазанынан осы уақытқа дейін ішкі істер органдарында қызмет етеді.

1993–1994 жылдары Маңғыстау облысы ІІБ Бейнеу ауданы Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесінің учаскелік инспектор милиционері болған.

1994–1996 жылдары Маңғыстау облысы ІІБ Бейнеу ауданы ІІО тексеру-өткізу пунктінің аға жедел уәкілі қызметін атқарған.

1996–1997 жылдары Маңғыстау облысы МТКБ Бейнеу ауданының МТК бөлімінің қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілі; жалпы қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып қызмет етті.

1997–2005 жылдары Маңғыстау облысы ІІБ Бейнеу ауданы ІІб Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшесінің инспекторы; қылмыскерді іздестіру тобының жедел уәкілі; қылмыскерді іздестіру тобының аға жедел уәкілі; қылмыскерді іздестіру бөлімшесінің бастығы; бастықтың орынбасары лауазымдарында болды.

2005–2009 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Маңғыстау ауданы ІІб бастығы болса,

2009–2010 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Жаңаөзен қаласы ІІБ бастығы болды.

2010–2011 жылдары Маңғыстау облысы ІІД қарамағында қызмет етті.

2011–2012 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары болған.

2012 жылы Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары болса,

2012–2018 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Ақтау қаласы ІІБ бастығы лауазымында болған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 2018–2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысы ПД Жаңаөзен қаласы ПБ бастығы болды.