Өскелең ұрпақтың дені сау болсын десек, болашақ аналардың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні ана мен балаға бөлінген көңілдің қандай болмағына тікелей байланысты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Шаңырақ» қоғамдық қоры «Ана мен баланың денсаулығын қорғауда алдын – ала шаралар өткізу» жобасымен халықты хабардар ету мақсатында БАҚ – мен баспасөз конференциясын өткізді. Қордың директоры Р.Игілікова жиынға қатысушыларға ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, әйелдердің, нәрестелердің денсаулық көрсеткіштерін жақсартуда ұйымдастырылатын жұмыстарымен кеңінен таныстырып өтті. Алдағы уақытта жоспар бойынша ауданға қарасты ауылдарда осы бағытта семинар – тренигтер өткізу, ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету, акушер-гинеколог, терапевттермен кездесулер ұйымдастыру, жастардың қатысуымен гигиена, ерте жыныстық қатынастар, ерте түсік тастау, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу, жас аналардың бала күту, тамақтандыру және бақылау қағидалары бойынша оқыту, жұмыстары қолға алынбақ

Ана денсаулығы — дені сау ұрпақтың кепілі. Осы орайда, олардың өмірі мен денсаулығына бей-жай қарамаған орталықтың жұмысына сәттілік тілейміз.

Жадыра ЖИЕНӘЛІ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз