bilboard билборд Тоқаев
Сурет интернеттен

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Ақтауда өзінің суреті бейнеленген билбордтарға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Мұны орынсыз деп есептеймін, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент оған жұмсалатын қаржыны әлеуметтік нысандарға жұмсау керектігін, билбордтарда мемлекеттің жетістіктерін көрсету қажеттігін айтты.

«Билбордтарды Елбасы бастамасымен қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Бұл — менің барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырмам», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.