жазушы Әбіш Кекілбайұлы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесу кезінде Әбіш Кекілбайұлы музейін сапалы және уақытында  аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың Туиттердегі парақшасына жарияланды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбаевтың қазақ әдебиетінде ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнына тоқталды.

«Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі — заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев», — деді Тоқаев.