Ирина Беляева

Қазіргі таңда бұл республикалық байқауға қатысамын деп өтінім берген 40 маңғыстаулық бар. Аталмыш байқауға қатысуға ниеттілердің көп бөлігі – ауыл тұрғындары. Әр номинация бойынша 3 қатысушыдан таңдап алынып, олардың кандидатуралары Астанада қаралатын болады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте бұл туралы жобаның үйлестірушісі, Ақтау қаласы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Ирина Беляева мәлім етті.

Байқаудың басты мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Бұл – Қазақстан Республикасы тұң­ғыш Президенті – Елбасының Қо­ры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агент­тігінің бірлесе жүргізіп отырған бірден­-бір байқауы.

Республикалық байқауға әлеу­ меттік, қоғамдық мәселелерді ше­шуге және өздерінің жомарттығы­ мен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Айта кетейік, конкурсанттарды іріктеу жұмысы 2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болмақ.

Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады: «Асар» (номинация халықтың салт­дәстүрімен байланысты қайырымдылық қыз­мет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған); «Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өл­кеге көмек көрсететін адамдар­ға беріледі); «Мейірім жолын­да» (аталымға ерікті  негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады); «Батыл жүрек» (номинация ерлік іс жасаған, жанкештілік та­нытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады); «Қа­йырымдылық тарихы» (номинация БАҚ-­та қайырымдылық тақыры­бын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға ауда­ратын материалдардың жарияла­нуын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі).

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қыз­метті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыстырылмайды.

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз