sekseuil Сексеуіл

Ақтауда бүгін жедел-іздестіру шаралары кезінде Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері кафелердің бірінде жалпы салмағы 2,5 тонна болатын сексеуіл тәркіледі. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен іс тіркелді, — деп хабарлайды  mangystaumedia.kz сайты.

Былтыр Жедел-профилактикалық шара барысында шаһар ресторанының бірінде 5 тонна сексеуіл тәркілеген. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелген. Материал сотқа жолданыпты.

«Сексеуіл өсімдіктің сирек түріне жатады. 4 жыл бұрын Қазақстанның мемлекеттік орман қорының аймағында сексеуілді шабуға мораторий жарияланған еді. Ол мораторий тағы 5 жылға ұзартылды. Бұл құжат елдегі құрғақ жерлердің ағаш түрлерін өсіру және қайта жандандыруға мүмкіндік берді», — деді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетелік, Қазақстанда сексеуілді сатуға тыйым салынғанын сайтымызда жариялағанбыз.  Ауылшаруашылығы министрлігіндегілердің айтуынша, 2015 жылы қабылданған заңнамалық шараларда сексеуілді шабуға ғана тыйым салынған. Енді 15 шілдеден бастап сексеуіл тектес ағаштарды сатуға тыйым салатын заң күшіне енді. Өйткені сексеуіл – шөлейтті аймақтарда құм көшкінін ұстап тұратын, әрі емдік шипасы бар өсімдік. Қазақстандағы сексеуіл алқаптарының көлемі соңғы жиырма жылда 4 есеге кеміп кеткен. Оған қоса, сексеуіл өте баяу өседі. Орталық Азия мен араб елдерінде онға жуық түрі болса, біздің елімізде ақ, қара және зайсан сексеуіл деген үш түрі кездеседі. Ақ сексеуіл құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі.

Сурет сайт архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз