Barat Duzakbaev Барат Дұзақбаев
Сурет kazpravda.kz сайтынан

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отырысында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс беріп, оның орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы Президент Әкімшілігіне Ішкі істер министрінің орынбасары Виктор Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсыным енгізді.

«Өрт өауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тасқынның алдын алу саласындағы мәселелерге назар аудару қажет. Жылыту маусымының соңына дейін барлық әкімдер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауы қажет. Профилактика жұмыстарын жалғастырған жөн. Әсіресе, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер тұратын үйлерге назар аудару керек. ІІД кешенді тәртіптік шарасын жасақтасын», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы бірқатар лауазымды тұлғаға қатар сөгіс берді.

«Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын тиісінше орындамағаны және бақылауды әлсіреткені үшін Президент әкімшілігіне Ішкі істер министрінің орынбасары Виктор Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсыным енгізілсін, өйткені ол Мемлекет басшысының қкімімен тағайындалған. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жариялансын. Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев атқаратын лауазымынан босатылсын, ол ұзақ уақыт бойы Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа қатаң сөгіс жариялансын. Ол ұзақ уақыт бойы Астана департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды», — деп мәлімдеді Б. Сағынтаев.

Бұл шешім Астанада болған өрттен кейін қабылданып отыр. Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнінде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, үйде жалғыз қалған 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 бала жанып кеткен еді.

Осы оқиғадан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіде көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын жетілдіру мәселелері қайта қаралатын болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз