Көп сұранысқа ие 17 мемлекеттік қызметті телеграмм мобильдік бағдарламасы (EgovKzBot) арқылы алуға болады. Олар: мекен жай анықтамасы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама, соттылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі, жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтама т.б. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.

«Электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік құпия сөзді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз көп сұранысқа ие 44 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Осы бойынша мемлекеттік қызметтерді алу үшін тек ұялы телефон нөмірін мобильді Үкімет базасына тіркеу қажет. Бүгінгі күнге осы базаға тіркелгендер саны 329 954 адамға жетіп отыр», — дейді ол.

Яғни телефон нөмеріңізді ХҚКО-на барып мобильді Үкімет базасына тіркеген соң төмендегідей әрекеттерді орындайсыз: