Ақтауда Тәуелсіздік күніне орай «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алатындарға мерекелік жеңілдік жасалмақ. Бес бірдей құрылыс компаниясы 5-10 пайыз аралығында тұрғын үйлерге жеңілдік қарастырып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өтекен брифингте мәлім болды.

Брифингке Маңғыстау облыcының құрылыс, сәулет, және қала құрылысы басқармасы бөлім басшысы міндетін атқарушы Имаммахмут Шагирбаев, Ұлттық Банк, банктер мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта қала аумағында 5 құрылыс мекемесі тұрғын үй құрылысын аяқтап, 400 пәтерді «7-20-25» бағдарламасы аясында сатуға дайын.

15 желтоқсан күні «Ақ қала молл» сауда орталығында құрылыс компанияларының, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Сонымен қатар, Тәуілсіздік күні қарсаңында құрылыс компаниялары пәтерлеріне осы бағдарлама аясында жеңілдіктер қарастыруда. Соның ішінде:

* 17 шағынаудандағы «Мерет» тұрғын үй кешеніне «АС Құрылыс» ЖШС 5% жеңілдік;

* 17 шағынауданындағы «Айрақты-2» тұрғын үй кешенінің 1-бөлмелі пәтерлеріне «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС 10% жеңілдік;

* 34, 32 в шағынаударындағы тұрғын үйлерге «К7 Групп» ЖШС 10% жеңілдік;

* 17, 32Б шағынауданындағы тұрғын үйлерге «Мега Технолоджи» ЖШС 10% жеңілдік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз