АҚШ Президенті Дональд Трамп пен КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның қол алысудан басталған жеке кездесуі 48 минутқа созылды, — деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Ескі тәжірибе мен кері түсінік біздің алға қарай бірге жүруімізге кедергі болды, бірақ біз барлық кедергіден өтіп, қазір осында тұрмыз», — деді КХДР көшбасшысы. «Расында, бұл шындық», — деп қостады Трамп.

Сентос аралындағы Capella қонақ үйінде өткен жеке келіссөзге екі елдің басшысы мен аудармашылары ғана қатысты. Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бетпе-бет кездесу 48 минутқа созылған.

Бұдан кейін өткен екі ел басшысының кеңейтілген кездесуіне АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Ақ үйдің қызметкерлер аппаратының басшысы Дон Келли, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон қатысты. Ал Солтүстік Корея тарапынан КХДР СІМ басшысы Ли Ён Хо мен Корея Еңбек партиясы ОК төрағасының орынбасары Ким Ён Чхоль болды.

ТАСС-тың хабарлауынша, саммиттің басты тақырыбы КХДР-ді ядролық қарусыздандыру  болмақ. Ал Пхеньян АҚШ-тан санкциялық режимді жұмсарту, болашақа толықтай алып тастауын күтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз