ардагерлер одағы

Облыс орталығындағы политехникалык колледжде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жатарға кеңірек түсіндіру мақсатында оқу орнының 1, 2-курстар оқушыларымен кездесу өтті. Оны облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша «Aрдагерлер одағының (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Басқосуда «Aрдагерлер одағының (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» Республикалық қоғамдық бірлестігінің үйлестіруші маманы Нұрсұлтан Отарбаев Президент мақаласында еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы жарияланғанын айтып, мақала туралы әңгімеледі. Ол, әсіресе, Елбасымыздың жастар алған білімнің ел жастарының болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер ететіні жөнінде айтқан сөздеріне ерекше тоқталды.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстаудағы алғашқы музейдің ашылғанына – 85 жыл

-Бүгінде экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көз ілеспес жылдамдықпен алға жылжып, технологиялық революция жүріп жатқаны белгілі,-деді ол. -Олай болса, он шақты жылда қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңартылған түрлері пайда болуы мүмкін. Сол кезде біздің елімізде оларды игеріп кете алатын жастар болуы керек. Сол үшін Елбасымыз жастарды білімді болуға шақырады.

Сондай-ақ сөз сөйлеген мұғалімдер балаларды отанын сүюге бағыттайтын тәлімді әңгіме айтты. Олардың сөздерін зейін қоя тыңдаған оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

   Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

АлдыңғыМаңғыстаудағы алғашқы музейдің ашылғанына – 85 жыл
КелесіЖасалуы керек жаңалық еді
Валентина Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, халықаралық телестудия мектебін бітірген. Түрікменстанда қазақ тілінде шығып тұрған «Жұмысшы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Маңғыстау облыстық телеарнасында радио-тележурналист, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі.