Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған «Ақтау кубогі» халықаралық турниріне 550 самбошы қатысады. Аймақта биыл үшінші рет ұйымдастырылған жарыс 2002-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында өтеді. Еліміздің барлық өңірінен және Түркия, Армения, Тәжікстан, Якутия, Ресейден келген балуандар боз кілемде 20 салмақ дәрежесі бойынша белдеспек. Бұл жайында облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен пресс-конференцияда жарысты ұйымдастырушы белгілі бапкер Манарбек Бисекенов мәлімдеді.

Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

— Жарыстың салтанатты ашылуы 13 мамыр күні сағат 12:00-де 1- шағынаудандағы «Теннис орталығында» өтеді. Жарысты тамашалау тегін. Өңірді кең ауқымда мұндай жарыс өткізу арқылы самбо күресінің қарқынды дамуына жағдай жасайтын боламыз. Айта кету керек, өткен жылы ұйымдастырылған «Ақтау кубогі» халықаралық турнирінде маңғыстаулық балуандар командалық есепте бірінші орынды еншілеп, бапкерлер үмітін ақтап, аймақ абыройын асқақтатты. Бұл жолы да сол үдеден шығады деп сенемін. Жарыста облыстың намысын 60 спортшы қорғайтын болады. Біздің спорт мектебінің самбошыларын белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков дайындады. Самбо күресінен өтетін жарысымыз 16-17 мамыр аралығында дзюдодан Ер Қосай атамыздың жүлдесіне арналған тоғызыншы халықаралық турнирге жалғасады. Жарысқа он мемлекеттен 800-ге жуық спортшылар қатысады деп күтілуде,-деді облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Сондай-ақ жиында «Самбо күресінің дамуына зор үлес қосқаны үшін» медалімен Сергей Пахомов, Айсағали Нұғманов, Бердіқожа Боранбаев, Серік Жубауов марапатталды. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальі Берік Жұмағалиевқа және «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медальі Али Сахимов, Бибігүл Төлегенова, Айнагүл Қармысоваға табысталды.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы

Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО) Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)Ақтауда  самбодан халықаралық турнир басталды (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз