Бүгін  облыс әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданында жұмыс сапарында болды.  Ауданмен танысуды облыс орталығына жақын орналасқан Ақшұқыр ауылынан бастаған облыс әкімі алдымен «Kazah osetr» ғылыми-өндірістік кәсіпорны жұмысымен танысудан  бастап, облыстағы жүзеге асқан ірі жобаның жұмысына қолдау білдіруді, оған әкімшілік кедергілер келтірмеуді тапсырды.  Ауданның ең халқы көп қоныстанған ауылы Ақшұқыр ауылындағы  Ақшұқыр мектеп лицейі жұмысымен танысқан облыс әкімінің жұмыс сапары Форт-Шевченкодағы орталық аудандық аурухана, «Теңіз Сервис» диспетчерлік пункті және Баутин теңіз бухтасындағы өндірістік базасы, «Теңіз Сервис» ЖШС өндірістік базасы, «НКОК» компаниясының Баутин базасы, «Енка Иншаат Ве Саани А.Ш.» компаниясының базаларымен танысумен жалғасты.

 Түстен кейін аудан әкімінің активімен кездескен облыс әкімі Е.Тоғжанов Түпқараған ауданы әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдап, көрсеткіштер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Өндіріс өнімінің көрсеткішін арттыру, Ақшұқыр ауылындағы ауыз су мәселесі  бойынша қатаң тапсырма беріп, талап қойды.

8 скважина бола тұра, ауыз суды Ақтаудан тасып  су ішу  мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Сонымен қатар, 3 кезекті ауысым бойынша мәселеде тағы да Ақшұқыр ауылы бойынша жаңа бір мектептің жоспарын жасақтауды жүктеді.

Түйе шаруашылығын дамытуды қолға алу бойынша да  ұсыныстар бергендігін жеткізген әкім ауылшаруашылығы, оның ішіндегі түйе шаруашылығын дамытуды қолға алу қажеттігін, оған толық мүкіндіктің барын айтты.

Облыс әкімінің қатаң сынына ұшыраған Ақшұқыр ауылы әкімі Мәлік Ізтұрдың 6 жылға жуық әкімдік қызметіндегі ауыл дамуының көрсеткішерінің төмендігі, көгалдандыру мен Ақшұқыр ауылындағы түйткілді мәселелердің түйіні тарқамай келе жатқанын айтқан облыс басшысы шешілмейтін мәселе жоқтығын алға тартты. Осы тұста облыс басшысы жыл соңында үздік ауылды,  анықтап 10 млн. теңге ауылды дамытуға сыйлық тағайындайтынын, сол сияқты «үздік мектеп», «үздік шағын аудан» сияқты сыйлықтар тағайындайтынын жеткізді. Ауыл әкімдері мен қатар аудан әкімінің де жұмысын қатаң бақылау қажеттігін, медицина, білім, кәсіпкерлік, құрылыс салалары бойынша толық зерттеуді тапсырды. Хаттамаға енгізе отыра нақты тапсырма жүктеген облыс басшысы аудан активімен кездесуінен соң, мұражай кешенімен танысып шықты.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

1- Балыкр (7)

2-мектеп (4)

2-мектеп (5)

2-мектеп (12)

2-мектеп (18)

3-аурухана (3)

3-аурухана (4)

4 (2)

4 (8)