Ант театр
Сурет сайт архивінен

Халықаралық театр фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесін сахналайды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының бас режиссеры Гүлсина Мерғалиева айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Маңғыстау драма театры "Әбіш әлемі" фестивалінде «Күй» повесін сахналайды
Суретті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды

«Күй повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ерлер, ал моно спектакльді бір әйел адам мен ер адам сомдайды. Халықаралық деңгейде өткелі отырған бұл театр фестивалінде қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов, театр сыншысы Ерік Жуасбек, Әзірбайжан елінің халықаралық дәрежедегі сыншысы Исрафил Исрафилов және жас әртістерден Нұркен Өтеуіл, Әділ Ахметов төрелік етеді. Қазір қатысушыларды күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру, сахнада өнер көрсетуге қажетті жағдай жасау сияқты әзірлік жұмыстары жан-жақты жүргізілуде»,- деді бас режиссер Гүлсина Бақытжанқызы.

Маңғыстаулық театр ұжымы қатысушылар мен шақырылған қонақтарды қоса есептегенде 150-ге жуық адамды қабылдағалы отыр.

Жұлдыз ҚАЛИЕВА