өрт

Кез-келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандарға түскен жапырақтар тез тұтанады. Орман немесе дала өрттерінің жануы кейде найзағайдан болады, бірақ өртті далаға жиірек адам әкеледі.

Дала өрттері болуының ең бірінші себептері:

  • саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, далалықта кәуап пісіру уақытында ағаштың астына алау жаққан;
  • сөндірілмеген шылым не сіріңке;
  • аңшы атқан соң тығын бықсып жана бастайды;
  • механизатор орманда майдалаған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып, көлікпен келе жатып шылым шегіп, өшірмей лақтырып кетуінен және т.б.;
  • күн шұғыласы түсетін жерге тасталған шынының сынығы жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен жануы.

Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жіберуі мүмкін. Ол кез-келген жерде тұтанады.

Орман өрттерінің зардаптары

Орман өрттері су тасқыны мен лай көшкінінің ықтималды қауіптілігін күшейтеді.

Өрт кезінде бөлініп шығатын түтін мен басқа да зиянды заттар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді.

Ағаштың, жем-шөптің, флора мен фаунаның, көрікті жерлердің және су айырықтарының қорын жояды.

Демалатын жерлер мен туризмнің аумағын тарылтады.

Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді, осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді.

Бейнеу ауданы өрт сөндіру қызметкерлері үшін шілде айынан бастап, күздің соңғы айларына дейін толассыз жұмыстарға толы болмақ. Себебі жаздың бел ортасында ауа температурасы біршама жоғарылап, күн ысиды. Қатты ыстықта орман алқаптарында өрт қаупі күшейеді. Сала мамандары арнайы алдын алу шараларын жүргізіп, келеңсіз жағдайларды болдырмау ережелерін ескертті.

Р.ЕРҒАЛИЕВА,
«Бөбек бөбекжайы» тәрбиешісі