сот

Перзентті болғанына қуанып, өз достарымен бірге түн ішінде Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының аумағына келіп от жаққан жігіт 2 тəулікке қамауға алынбақ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мəлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Өзінің жұбайын құттықтамақ болған жігітке қатысты əкімшілік іс Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. есімді жігіт Ақтау қаласы 34 шағынауданында орналасқан «Ана мен бала» орталығы ғимаратының жанында жүрек тәріздес от жағып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Соттың қаулысымен Е. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.
Келіншегін ерекше етіп құттықтаймын деп, жас босанған аналар мен сәбилердің мазасын алған жігітке 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.