Ақтаудағы теннистен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және Ақтау қалалық туризм және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Ол  халықаралық әйелдер күні және дүниежүзілік теннис күнімен орайластырылды. Бұл жөнінде теннис мектебінің басшысы Азат Мангубаев хабарлады.

«Теннис бұл – мейрам» деп аталған кешке мектептің 120 жас теннисшісі қатысқан. Ал қала тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар көрермен ретінде тамашалады.

«Балалардың қатысуымен 12 түрлі ойын ойнатылды. Тенниске қызығушыларға шеберлік сабағы өткізілді. Көрермендер арасынан ойнағысы келетіндерге жаттықтырушылар сабақ өтіп, теннис ережелерін үйретті. Ақтау қалалық дене шынықтыру және туризм басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев та арнайы қатысты», — дейді теннис мектебінің әдіскері Гүлжан Шафикова.

Айта кетейік, мектепте бүгінгі таңда 360 бала жаттығады, оның ішінде 170 бала теннистың қыр-сырын үйреніп жүр.

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз