штанг зілтемір зілтемірші
Ақмолда Сайрамкез

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ақмолда Сайрамкез чемпион атанды деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақмолда қоссайыс қорытындысы бойынша 257 келіні бағындырды.

Ол жұлқа көтеруде 112 келіні, серпе көтеруде 145 келіні еңсерген болатын.

Сондай-ақ Ақмолда Сайрамкез екі бағдарлама бойынша кіші күміс медальді иелік етті.

Қазақстандық қос зілтемірші әлем чемпионы атанды
Ақмолда Сайрамкез

Бұл Қазақстан спортшылары жеңіп алған алғашқы жүлде еді. Көп ұзамай 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев екінші алтын жүлдені салды. Ол чемпион болып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты.

Қазақстандық қос зілтемірші әлем чемпионы атанды

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді.

Одан бөлек Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз