полиция

Ақтауда кәріз құдықтарыың бірінен ай-күні жетпеген шақалақтың шаранасы табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, — деп xабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2019 жылдың 10 ақпаны күні шамамен сағат 18.40-та Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 1-ші шағынаудандағы кәріз насосты станциядан шарана табылғаны туралы хабар түсті. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі бірыңғай тізімге енгізілді», — деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.