oiyn alany ойын алаңы

Бейнеудегі «Жайдарлы» үкіметтік емес ұйымы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға белсенділікпен атсалысып жүр. Жақында осы ұйымның қолға алуымен аудан орталығында орналасқан Әли Балта палуан атындағы стадионында балалар ойын алаңы ашылды.

«Азаматтық Альянстың» Маңғыстау облыстық филиалы жариялаған «Ең үздік ауылдық бастама» атты жобаның байқауына бүлдіршіндерді спортқа баулуды дамытуға үлес қосу мақсатында қатысқан «Жайдарлы» ҮЕҰ директоры Нәбия Айлашованың ұсынған жобасы облыстық байқауда жеңімпаз атанды. Жоба «Сорос — Қазақстан» қоры тарапынан қаржыландырылып, стадионның көркіне көрік қосатын балалар ойын алаңы ашылды.

Жарқын болашаққа нық қадам басқан әрбір елдің тұрғындары спортпен шұғылданып, спортты серік ететіні заңдылық. Осы бағытта алдағы уақытта «Жайдарлының» игі бастамасы жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болары анық.

Үміт ҚАЗДАЕВА,
Бейнеу ауданы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз