қой сиырлар мал
Сурет сайт архивінен

Аса қауіпті аурулардың жануарлар мен адам арасында таралуы, ауырған ағзадан сау ағзаға жұғу қабілеттігі – зооантропоноздық (адамдар мен жануарларға ортақ) қабілеттік. Зооантропоноз ауруларының тізіміне сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез, құтырық, экинококкоз сияқты т.б. аурулар кіреді.

Адамзатқа осы аурулар ежелгі заманнан әйгілі болған және адамдар олардың алдын алу тәсілдерін ойлас­тырып, емдеу арқылы күресе білген. Аталмыш ау­рулардың қоздырғыштары қолайлы жағдай туындап індет қоздыру қабілеті артқанша табиғатта сақталады. Олардың ағ­заға індет қоздыру қабілеттілігі бастапқы немесе мутациялық өзгерген түрде әсер етеді. Осыған байланысты індетпен күрес түрлері де ауқымды және әртүрлі болып келеді.

Осыған орай, Маңғыстау облысы аумағында эпизоотиялық ахуалды қатаң қадағалай отырып, жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ауруға қарсы ветеринарлық препараттардың іс-­қимыл жұмыстары ақысыз негізде (тегін) атқарылуда.

Облыстың аудандары мен қалаларының аумағындағы ауыл шаруашылық субъектілерінің барлығында ауыл шаруа­шылық жануарларының алдын алу жұмыстарымен қатар диагностикалық ветеринарлық іс­-шаралар ақысыз негізде (те­гін) жүргізіледі. Сонымен қатар клиникалық, аллергиялық, патологоанатомиялық, серологиялық, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Атқарылып жатқан ветеринарлық-­санитарлық алдын алу шаралары туралы облыс тұрғындарын хабардар ете отырып, тұрғындардың өздерінің тараптарынан мына жағдайларды назарға алып, орын алған жағдайда дереу ветеринария маман­дарына хабарлауын және мүлтіксіз орындауын сұраймыз:

  • мал иелері міндетті түрде ішкі сауда объектілерінде тірі­дей сататын малына заң талаптарына сай ветеринарлық анықтама алу;
  • мал иелері жаңадан малды сатып алған немесе басқа жағ­даймен иеленген жағдайда міндетті түрде учаскелік ветери­нарды хабардар ету;
  • жануарлардың өлімі және ауруға шалдыққаны туралы ақпарды дереу хабарлау;
  • жануарлардың өлімі туралы ақпаратты жасырмау;
  • жануарлардың өлекселерінің қоқыс тастайтын жерде және басқа орындарда көмілуіне жол бермеу;
  • ауру жануарлардан алынған ет, сүт және басқа өнімдерді адамдардың тағамға пайдалануын болдырмау;
  • жануарларды сою алдында ветеринарлық қараудан өткізбей сатылуына жол бермеу;
  • ауыл шаруашылық жануарларын союды тек қана ет өңдеу мекемелерінде, сою пункттері мен алаңдарында жүргізу;
  • ветеринарлық­-санитарлық сараптамадан өтпеген жануар текті өнімдер мен шикізаттардың сатылуына жол бермеу;
  • бақылауға жататын тамақ өнімдерін міндетті түрде вете­ринарлық анықтама және ветеринарлық сертификат ілеспе құжаттарымен бірге алып жүрулеріңіз қажет.

Аталған талаптарды орындау ветеринарлық-­санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді деген сенімдеміз. Жұқпалы аурулардың таралуынан сақ болайық!

М.МУХАНБЕТОВА,
«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ
эпизоотиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз