Ақтауда халық жиі жүретін жерлерге ескерту тақтайшалары қойылды. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбындағы креативті тақтайларды «Қала жолдары» ЖШС Ақтау қаласы әкімдігінің тапсырмасымен орнатты.

«Негізгі мақсат, тұрғындарды айналаны ластамауға, тазалықпен айналысатын қызметкерлердің еңбегін бағалап, тазалық сақтау мәдениетіне шақыру. Орнатылған тақтайшаларға жауапкершілікпен қарап, әрбір тұрғын өз қаласына деген жанашырлығын білдіредi деп сенемiз. Қоршаған ортаны бірге қорғайық!», — делінген әкімдіктің фейсбуктегі парақшасында.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ескерту тақтайшалардың әлі де орнатылып жатқанын хабарлады.

Суреттер Ақтау әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды