автобус

Ақтау қаласындағы №5 маршруттың жүру бағытына өзгерістер енгізілді. Бұл жайында Ақтау қаласының әкімдігі мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Ақтауда №5 автобустың жүру бағыты өзгерді
Қала тұрғындарының өтінішімен №5 маршруттың жүру бағытына өзгерістер енгізілген. Бұрын автобус 15 шағынаудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан «Дукат» тұрғын үй кешеніне қарай бұрылып, 13 және 16 шағынауданның арасымен жүретін еді. Ал қазір «Дукат» тұрғын үй кешенінің жанынан тіке жүріп, «Грин Парк» жақты да қамтитын болды. Енді 16 шағынауданның тұрғындары  да №5 автобусқа міне алады.

Сонымен қатар бұрын соңғы аялдама 1 шағынаудандағы «Облыстық тіс емдеу орталығы» болса, қазір «Приморский» елді мекеніне дейін баратын болды. Бұл автобустың соңғы аялдамасы болмақ.

Біз мән-жайды  Ақтау қаласы әкімдігіне хабарласып сұраған едік.

«Бұрын шаһарда №5 маршрутта 12 автобус болған, қазір жол жүру бағытының өзгеруіне байланысты қосымша 4 автобус қосылды. Сонда барлығы 16 қоғамдық көлік болып отыр. Автобус қосылғанға дейін жұмыс күндері бойынша жүру уақыт аралағы 14 минут болса, қазір 8-10 минут. Ал демалыс күндері автобустың жүру аралығы 12-14 минут болды», — дейді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкері Л. Молочаева.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Көрнекі сурет сайт архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз