zher жер кезегінде 10 сотық

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстары басқару комитеті жеке тұрғын үй салу үшін 10 сотық жердің кезегіне тұрғандардың тізімін нақтыламақ, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Былтыр желтоқсан айында әлеуметтік желілерде БҚО мен Ақмола облыстарында жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде ақын Махамбет пен Исатай батырдың, Моцарт пен актер Курт Расселдің тұрғаны көрсетілген скриншот пайда болды. Заңгер Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында XVIII ғасырда өмір сүрген композитор Вольфганг Амадей Моцарт пен лейтенант Шмидттің Ақмола облысынан 10 сотық жер алу үшін «кезекке тұрғанына» жұрттың назарын аударған еді. Кейін бұл порталдың мемлекеттік органдардың ресми сайты емес екені, оны жеке бағдарламашылар жасағаны анықталды. Бірақ Ақмола облысы мен БҚО әкімдігі жер кезегіндегілердің тізімін осы zem.kz порталына орналастырмақ.

Дегенмен, Қазақстанда өз кезегіңді білуге болатын бірыңғай электронды жүйе жоқ. Тізімді әкімдіктердің сайтынан немесе БАҚ құралдарынан білуге болады.

ҚР АШМ Жер ресурстары басқару комитеті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кезегін «өлі жандардан» тазарту мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын» жасамақ. Жаңа ақпараттық жүйеде «Жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекке тұрғандардың тізілімі» болады.

«Бұл тізімге кездейсоқ адамдардың кіріп кетпеуіне, егер бұрын жер алған болса кезекте екінші рет қайта тұрмауына, жергілікті биліктің өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті комитеттегілер.

Комитеттің хабарлауынша, Тізілім іске қосылғаннан кейін жер алуға өтінішті электрондық үкімет арқылы беруге болады және кезекке өтініш берушінің барлық мәліметі (ЖСН, бұрын жер алған/алмағаны, ҚР басқа өңірлерінде кезекте тұрмағаны) тексерілген соң қойылады.

2011 жылғы Жер кодексінің нормасына бойынша жеке меншікке жер игерілгеннен кейін (тұрғын үйді пайдалануға енгізу туралы актіге қол қоййылған соң) беріледі. Тұрғын үй салынғанға дейін жер телімі жалға беріледі.

Тізілім іске қосылған соң Жер кодексі мен Жеке тұрғйын үй салу үшін жер телімін беру ережесіне өзгеріс енгізіледі. Өзерістер өтінім беру мен жер беру тәртібіне қатысты болмақ.

Комитеттегілер жердің сумен, электрмен қамтылған аумақтарда ғана берілетінін атап өтті. Орталықтандырылған су желісі жоқ елдімекендерде жерді электр жүйесі болғанда беруге рұқсат етілген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз