жүктілік беременность болашақ ана
Көрнекі сурет сайттың архивінен

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік тапсырысы­ мен «Ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша алдын алу шараларын өткізу» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында Қарақия ауданының тұрғындарымен репродуктивтік денсаулық мәселелері бойынша ақпа­ратты кездесулер жүргізілді. Жасөспірімдерге қыз баланың даму ерекшеліктері туралы, гигиена және басқа да сұрақтары түсіндірілді. Ауыл қыз­-келіншектері отбасын жоспарлау және ана денсаулығына қатысты мәселелер бойынша керекті мәліметтер алды.

Жүктілікті жоспарлау жөніндегі іс-шаралардың басты мақсаты ерлі-зайыптыларға бақытты ата-ана болуға және дені сау баланың дүниеге келуіне мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ана мен баланың денсаулығы үшін барлық қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлердің айтуынша жүктілікке дайындықты кем дегенде 3 ай бұрын бастауы керек. Медициналық тексеруден өту және өмір салты мен тамақтануды дұрыс ұстану керек. Қандай да бір аурулар, мысалы, жыныстық инфекциялар анықталған жағдайда осы мерзімге емдеу уақыты қосылуы керек. Мұндай тәсілде жүктіліктің қолайлы ағымына және дені сау баланың туылуына үлкен үміт артуға болады. Осы маңызды оқиғаға дайындық бірнеше кезеңнен тұрады және олардың әрқайсысы маңызды рөл атқарады.

Болашақ баланың денсаулығы тек ата-аналардың әл-ауқаты, табыстылығы мен бақытына ғана байланысты. Ал мұның бәрі мықты денсаулықсыз мүмкін емес.

Сонымен қатар «Ерте жастағы балаларды күту және қадағалау ережесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында жас балаларды бақылауға, жас балаларға қамқорлық жасауға ата-аналарға оқытулар өткізіліп, кездесу барысында ақпараттық материалдар таратылды

Өз тілшіміз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз