samolet-airplane ұшақ

— Қытайлық компания жолаушылар ұшағына Димаштың портретін салғызбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Tencent компаниясы  Eastern Airlines әуе компаниясымен 11 шілде іске қосқан «Moonlight Blade» 3D форматтағы онлайн интернет-ойыны арнайы ұшағын шығаруды жоспарлап отыр.

«Moonlight Blade» ойынының Weibo парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, «Moonlight Blade» атындағы арнайы ұшақта Димаштың портреті бейнеленеді. 22 тамызда бұл арнайы ұшақ Шанхайдан Бейжіңге алғашқы сапарын бастап, Димаш 26 тамыз күні Бейжің қаласындағы Тяньтань алаңындағы арнайы концертте ән шырқайды. Еске сала кетейік, Димаш «Moonlight Blade» онлайн интернет-ойынына «Уақыт-теңіз» атты саундтрек орындаған болатын. Онлайн-ойын және саундтректің бейнебаяны 11 шілде күні түнгі сағат 00-де көрермендерге ұсынылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз