Дауылбаев

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Түпқараған аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясы болып өтті. Онда мандат комиссиясының хабарламасы бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы  Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстанның халқына үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары туралы қаулы алынды. Бастауыш партия ұйымдары атынан «Түпқараған су жүйесі», «Баутин тұрғын үй шаруашылығы» ұйымдары жетекшілері баяндама жасады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясыны Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Л.Тумышев қатысқан жиында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясына Түпқарған аудандық филиалын делегаттар сайланды.

IMG_4308

— Қолымдағы мәлімет бойынша Түпқараған ауданында сайлау алды  31 отырыс өткізіп, 50 ұсыныс қабылдапты. Оның ішінде 18 ұсыныс оң шешімін тапса, қалғанына жауап беріліпті. 40 пайыз жұмыс жасалғанының айғағы деуге болады. Өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Ендігі жұмыс партия мүшелерін түгендеп, солармен жұмысты жандандыру үшін бағдарламалық қамту жасақтаудамыз. Сол бағытта өз ауданыңыз бойынша жұмыстарды жүйелесеңіз,- деді  «Нұр Отан» партиясыны Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Л.Тумышев.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

IMG_4305