Елде Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Барша қазақстандықты қуантқан хабар болғаны рас. Алайда халық арасында «жеңілдікті кімдер пайдалана алады», «аты-жөнім қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек» деген сұрақтар туындауда.

Ел көкейінде жүрген сұрақтарға ХҚКО Маңғыстау облысы филиалының баспасөз қызметі жауап берді.

Өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

Ол үшін enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;

«Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;

Өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.

Немесе

111 біріңғай нөмеріне хабарласу.

Тағы да:

Еgov.kz электронды порталынан көре аласыз.

Ең соңынан басқа амалыңыз болмаған жағдайда ғана

ХҚО-ға барыңыз.

Егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек. Сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Айта кетейік, тек көпбалалы отбасылардың, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, бала кезінен мүгедек ересектердің, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылардың және атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен жетім балалардың ғана несиесі кешіріледі.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА